Bugin
Фото: Облыстық ПД
Ақтөбе облысында жол апаты болды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Салдарынан төрт бала мен төрт ересек адам қаза тапты.
Ақтөбе облыстық Полиция департаментінің мәліметінше 6 наурызда таңертеңгі сағат 08:30 шамасында Ақтөбе-Астрахань трассасының 120-шақырымында екі көлік соқтығысқан. Ларгус және Хайлюкс көліктерінің салдарынан болған жол апаты 8 адамның қазасына әкелді.
Қайтыс болғандар арасында туыстар да бар. Соның бірі - 12 жастағы ер бала мен әкесі. Одан бөлек Ақтөбеге жол тартқан екі оқушы қыз нағашы әжесімен бірге бақилық болды.
"Алдын ала мәлімет бойынша, қаза тапқан балалар – Темір ауданы Кеңқияқ ауылындағы мектеп оқушылары. Тергеу аясында жол-көлік оқиғасының себептерін және зардап шеккендерді анықтау шаралары жүргізіліп жатыр", – деп мәлім етті полиция.