Bugin
Фото: qamqor.gov.kz
Жүргізушіні ұрып, артынша кешірім сұрап бейне жариялаған қарағандылық азаматқа қатысты сот басталды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Tengrinews.kz-ке сілтеп.
Бір күнде-ақ аты бүкіл Қазақстанға танылған Нұрболат Дәкебаев жедел жәрдем жүргізушісіне қол көтерген болатын.
"Жәбір көрдім" деген жүргізушіге тағы да ота жасалмақ екен. Бұл туралы оның адвокаты айтты.
Нұрболат Дакебаевқа қатысты қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 293-бабы 1-бөлігі "Бұзақылық" бойынша сотқа келіп түсті, ал бастапқыда тергеу ҚК-нің 107-бабы 2-бөлігі 5-тармағы бойынша "Бұзақылық ниетпен денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру" бойынша жүргізілді.