Bugin
Фото: mail.kz
Өнер адамы Тұңғышбай Жаманқұлов неге өкінетінін айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы "Мен" бағдарламасына сілтеп.
Актер, режиссер Тұңғышбай Жаманқұлов өзінің неден көңілі қалғанын айтты.
"Біраз уақытымды жоғалттым. Мен де жұмыр басты пендемін. Ақымақ кезім дейін десем де болады. Бала болып, байқамай өткен тұстарым өте көп. Достарымнан көңілім қалған тұстарым да өте көп. Сол менің жүрегімді ауыртады. Ол достарымнан айырылып қалған тұстарым өте ауыр жүрегіме. Әндерім бар "Достарым" деген. Кедергі көрдім, аяқтан шалғанды да көрдім. Әділетсіздікті де көрдім", - деді ол.