Bugin

"Тамақтан құрт пен тарақан шықты". Мектептегі асханада тазалық сақталмаған

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Almaty.tv

Павлодардағы мектеп асханаларының бірінде тазалық сақталмаған, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Almaty.tv-ға сілтеп.

Оқушыларға берілген тамақтан құрт пен тарақан шыққан. 

Бұл қаладағы мектепке салынып жатқан бірінші айыппұл болмай шықты. Асханашылар бұған дейін де бірнеше рет санитарлық талапты бұзғаны анықталды.

Қазір өңірде бұдан бөлек 16 мектеп тексеріліп жатыр. 

"Білім беру бөлімі мен 4 мектеп директорына тәртіптік жаза қолданылды. Негізгі мақсат –  айыппұл салу емес. Түсіндірме жұмыстарын жүргізу", деді қалалық Білім беру бөлімінің басшысы Қуаныш Қыдыралин.