Спорт

Ломаченко Макгрегормен жұдырықтасуға келісті

Ирландиялық Мейвезермен жекпе-жек өткізген

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Жеңіл салмақта WBA және WBO чемпионы украиналық Василий Ломаченко екі салмақта UFC чемпионы болған ирландиялық Конор Макгрегормен бокс ережесі бойынша жұдырықтасу туралы пікірін білдірді.

Боксшының сөзінше, ол Макгрегорды оп-оңай жеңетін еді.
"Макгрегор – шоумен, ол табыс тауып жүр. Қандай бокс? Менімен жұдырықтаса ала ма? Жоқ, олай ойламаймын. Кәсіпқой емес деңгейде жақсы жұдырықтасатын шығар. Бірақ нағыз жекпе-жекте оның еш мүмкіндігі жоқ.
Мұндай жекпе-жекке келісер ме едім? Әрине, мен үшін оп-оңай. Мұндайдан рахат алар едім", – дейді Ломаченко TMZ арнасына берген сұхбатында.
Айта кетейік, Макгрегор 2017 жылы кәсіпқой рингте америкалық Флойд Мейвезермен жұдырықтасып, оныншы раундта техникалық нокаутпен жеңілген.
Ал Ломаченко 12 сәуір Лос-Анджелесте WBA чемпиондығына үміткер Энтони Кролламен жекпе-жек өткізеді.