Bugin

Әлемдегі ең бай адам кім?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: REUTERS/Joshua Roberts

Amazon негізін қалаушы Джефф Безос тағы да Bloomberg әлемдік миллиардерлер индексінде бірінші орынды иеленді. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі хабарлайды. 

2024 жылы байлығы 200 миллиард долларға бағаланған Безос әлемдегі ең бай адамдар рейтингінде SpaceX иесі Илон Маск пен LVMH Moet Hennessy – Луи  Вуиттон директорлар кеңесінің төрағасы Бернард Арноны басып озды. Қазіргі уақытта олардың байлығы сәйкесінше 198 және 197 миллиард долларды құрайды. Безостың таза байлығына Blue Origin ғарыштық зерттеу компаниясынан түскен табысы және Amazon акцияларымен саудасы кіреді.

Соңғы рет 60 жастағы Джефф Безос Bloomberg рейтингінде 2021 жылы бірінші орын алған. Осыдан кейін көшбасшылық орынды Илон Маск иеленді, оның байлығы Tesla компаниясы акцияларының бағасының өсуіне байланысты өсті. Алайда 2024 жылы Tesla акциялары 24%-ға төмендеді.