Bugin
Фото: Азаттық Радиосы
Алматы қаласындағы Ганди саябағында “Әйелдердің лайықты өмірі үшін!” митингі басталды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Азаттық Радиосына сілтеме жасап.
Жиынды ұйымдастырушы Бибінұр Шералиева бұған дейін митингіде әйелдердің қоғамдағы өзекті мәселелері көтеріліп, олардың лайықты өмір сүруіне қажет талаптар айтылады деген.
Митингіге шамамен 100 шақты адам жиналған.
Ақпанның басында әйел құқығын қорғаумен айналысатын ұйым белсенділері Алматы әкімдігі 8 наурызда шеру өткізуге рұқсат бермегенін хабарлаған. Жергілікті билік бейбіт жиынға бөлінген орындарда басқа іс-шара өтеді, “шеру қоғамдық тәртіпке қауіп төндіреді” деген себептерді алға тартқан.
Кейін белсенділер бірінен соң бірі жалғыз адамдық пикетке шығып, шеруге рұқсат беруді талап етті. Алайда әкімдік шешімді өзгертпеді.