Bugin

Әйгілі Каспаровтың үстінен "террористік" бабымен іс қозғалды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Global Look Press

Әлем чемпионының үстінен"террористік бабымен іс қозғалды "Росфинмониторинг" ұйымы ресейлік шахматшы, 13 реттік әлем чемпионы Гарри Каспаровты "террористер мен экстремистер" тізіміне енгізді. Каспаровтың үстінен "терроризм" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі kun.uz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

2023 жылдың желтоқсанында Ресей Ішкі істер министрлігі Каспаровқа қатысты тергеу жүргізіп, оның әрекетінен қылмыс белгілерін тапқаны белгілі болды. Бұл туралы Мемлекеттік Думаның депутаты Андрей Алшевских хабарлады. Ресей Тергеу комитеті Каспаровқа қатысты іс қозғалғанын ресми түрде жариялаған жоқ.

2016 жылы Литвада тұратын Каспаров "Форум свободной России" қозғалысының негізін қалаушылардың бірі болды. Украинаға қарсы соғыс басталғалы бері ұйым соғысқа қарсы конференциялар өткізіп, оған ресейлік оппозицияның түрлі өкілдерін шақырып келеді.

2022 жылдың мамырында Ресейдің Әділет министрлігі Каспаровты «шетел агенті» деп жариялады. 2023 жылдың 1 ақпанында Бас прокуратура "Форум свободной России" қозғалысын "қабылданбайтын" ұйым деп жариялады.

Гарри Каспаров 60 жаста. 1985 жылы Анатолий Карповты жеңіп, он үш рет әлем чемпионы атанды. Ол – Дүниежүзілік  шахмат олимпиадасының 8 дүркін жеңімпазы.