Bugin
Фото: Облыстық ПД
Кеше Ақтөбе облысында жол апатынан 4 бала, 4 ересек қаза тапқан еді. Бүгін, 7 наурызда "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ оқиғаның алдын-аласебебін айтты. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі el.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
"ҚазАвтоЖол"-дың алдын ала ақпараты бойынша өртенген "Лада Ларгус" автокөлігінің жүргізушісі жол қозғалысы ережелерін бұзған. Қарсы қозғалыс жолағына шығып, соның салдарынан көлік өртенді. Көлік газбен жүреді.
Айта кетейік, қайтыс болғандар арасында туыстар да бар. Соның бірі - 12 жастағы ер бала мен әкесі. Одан бөлек Ақтөбеге жол тартқан екі оқушы қыз нағашы әжесімен бірге бақилық болды. Алдын ала мәлімет бойынша, қаза тапқан балалар – Темір ауданы Кеңқияқ ауылындағы мектеп оқушылары.