Bugin

"Магниттік дауыл көп болады": наурыз айында адамдарға қандай қауіп бар?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: © Global Look Press/ZUMAPRESS.com/Robert Stein/Timothy Sandstrom

2024 жылдың наурыз айында күшті магниттік дауылдардың тұтас сериясы орын алады. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі РЕН тв арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Көктемнің алғашқы айында магниттік дауылдар әлсіз, орташа және күшті болады деп күтілуде. Ай сайынғы магниттік дауыл күнтізбесі: 3-4 наурыз (әлсіз); 9-10 наурыз (күшті); 15-16 наурыз (орташа); 21-22 наурыз (әлсіз); 27-28 наурыз (орташа).

Магниттік дауылдың ең күшті әсері наурыздың 9-нан 10-на қараған түні сезіледі.  Соңғы дауыл 27 наурызда басталып, 28-іне дейін жалғасады. Қысымның көтерілуі және жалпы денсаулықтың нашарлауы мүмкін.