Bugin

Қымбат Досжан Жәнібек жайлы тың деректі бөлісті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Instagram @kymbatdoszhan

Белгілі журналист Қымбат Досжан бельгиялық отбасы асырап алған қазақ баласы Жәнібекке қатысты жаңа деректер айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы EL.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. 

Ол Арқалықтың полицейлері Астанаға келіп осы іске қатысты тергеу жүргізіп жатқанын мәлімдеді.

"Бастапқыда "Салғырттық" деген бап бойынша іс ашылып, кейін бұл оқиғаның болғанына 20 жылдан аса уақыт өткен соң жауып тастады. Одан кейін Жәнібектің атынан мен прокуратураға арыз жаздым",- деді Қымбат Досжан.

Қаңтар айының аяғында басқа баппен тергеу басталған.

"Қазір тергеушілер Астанаға келіп, бір аптадан бері жұмыс жасап жатыр. Кеше сұхбат бергенімде 14 ана деп айттым. Ал бүгін 6 әйелдің анализі шықты. Жәнібек 1-2 күнде кетіп қалады. "Осының арасынан шығып қалады ма?" деген оймен лабараториядағылар түскен анализдерді шұғыл түрде тексеріп жатыр. 14 болжамды ана мен 1 ер адамнан анализ алынды", – дейді Қымбат Досжан.

Өкінішке қарай, ер адамның анализі де 0 болып шыққан.