Bugin

Мереке күні ауа райы қандай болады?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com 

"Қазгидромет" РМК синоптиктері ертең, 8 наурызда елдің бірнеше өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Маңғыстау облысының орталығында кей уақытта нөсер жаңбыр жауады.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі.

Астанада түнде және таңертең тұман.

Түркістан облысының тау асуларында оңтүстік-батыстан жел соғады, күші секундына 15-20 метрге жетеді.

Павлодар облысының батысында, солтүстігінде тұман, күндіз көктайғақ болады.

 

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын, түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман.

Солтүстік Қазақстан облысында оңтүстік-батысында тұман түседі.

Абай облысының жаңбыр, қар жауады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 3-8 аяздан 2 аяз-3 жылыға дейін, күндіз 2-7 градус жылыға дейін жоғарылайды.

Қостанай облысының батысында, оңтүстігінде тұман түседі.

Жамбыл облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында күндіз күші секундына 15-20 метрге жетеді.