Bugin

Түркістандық полицейлер әйелдерге құрмет көрсетті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: ktk.kz

Түркістандық полицейлер аязда аула сыпырып, көше тазалаған әйелдерге құрмет көрсетті, деп хабарлайды Bugin.kz тілшісі Ktk.kz-ке сілтеп.

Аула сыпыратын әйелдер аязда қар күреп, аптапта аула сыпырып, ауыр жұмыс істейді. 


Түркістан облысы Ордабасы ауданының тәртіп сақшылары қыз-келіншектерге гүл сыйлап, ыстық шай ұсынды. Көңілі босаған әйелдер қауымы да алғысын білдірді.

"Бізді бағаламайтындар да болады. Рақмет!", - деді олар.

Ордабасы ауданының полицейлері қыз-келіншектерге құрмет көрсетіп, сый-сияпат жасауы екі күнге жалғасады.