Bugin

“Мерекенің анасы”: әйелдер күні қалай пайда болды?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Ашық дереккөзден

8 наурыз мерекесі - Халықаралық деңгейде тойланатын әйелдер күні, деп хабарлайды Bugin.kz тілшісі.

1857 жылдың 8 наурызынан бастап әлемдегі барша ерлер қауымы дәл осы күні әйелдерге ерекше көңіл бөле бастады. Нәзік жандылар айналасынан сыйлық алып, мәре-сәре болып жатты.

Ежелгі римдіктер көктемнің алғашқы айын "әйелдер мерекесі" деп бекіткен.

Шын мәнінде  1857 жылы 8 наурыз күні Нью-Йоркте тігін және аяқ-киім фабрикаларының жұмысшы әйелдері манифестке жиналып, талап қойған. Олар 10 сағаттық жұмыс күнін қалайтынын жеткізді. Одан бөлек жұмыс орнының жарық әрі құрғақ болуын, ер азаматтармен бірдей жалақы мөлшерін талап еткен еді.

Ашынған әйелдер сол кездері 16 сағат тер төккен еңбектеріне өте аз жалақы алып келген. Сөйтіп, 1857 жылы 8 наурыздан бастап кәсіподақ мүшелігіне әйелдер де кіре бастады.

Халықаралық конференциялардың бірінде Клара Цеткин 8 наурыз күнін халықаралық әйелдер күні ретінде атап өту туралы ұсыныс жасайды. Бұл мейрам 1911 жылы 19 наурызда Австрия, Дания, Германия, Швейцария елдерінде аталып өтті.

Қазақстанда дәл осы күні демалыс жарияланып, әйелдер қауымына ерекше құрмет көрсетіледі.