Bugin

Бибісара Асаубаева тағы да топ жарды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: gov.kz

Бибісара Асаубаева Мәскеуде өткен “Аэрофлот Опен 2024” шахмат фестивалінде әйелдер арасында 1-орын алды. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінің мәліметінше, бір аптаға созылған дәстүрлі жарыста FIDE-де рейтингі 2300-ден жоғары ойыншылар опен-турнирде бақ сынады. Сонымен қатар 15 жасқа дейінгі балалар арасында да бөлек бәсеке өтті.

Қазақстаннан Бибісарамен қатар Қазыбек Нөгербек (18-орын), Даниал Сапенов (21-орын), Рамазан Жалмаханов (38), Әлішер Сүлейменов (65) сынға түсті. Жалпы биыл қатысушылар саны 500-ден асты.