Bugin

Синоптиктер 9 наурызда ауа райы қандай болатынын айтты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com 

Синоптиктер ертең, 9 наурызда елдің бірнеше өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Қостанай облысының шығысында, батысында тұман түседі.

Солтүстік Қазақстан облысында жаяу бұрқасын болып, күндіз оңтүстігінде, батысында, шығысында жауын-шашын (көбінесе қар) жауады. Сонымен бірге көктайғақ пен тұман күтіледі.

Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.