Bugin
Фото: El.kz/Арман МҰХАТОВ
Алматы облысында колония бастығы пара алды деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы El.kzақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Қазақстан Республикасы ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті баспасөз қызметінің мәліметіне сай, 7 наурыз күні пара алды деген күдікпен Алматы, Алматы облысы және Жетісу облысының ҚАЖ департаменті № 57 мекемесінің бастығы ұсталды.
"Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды. Тергеу мүддесіне сай, өзге мәліметтер жария етілмейді", - деп хабарлайды Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті баспасөз қызметі.
Қазақстан және шетел жаңалықтарын бірінші болып біздің Telegram арнамыздан оқыңыз!