Bugin
Фото: freepik.com
Шығыс Қазақстан облысында қар көшкіні жүру қаупіне байланысты жол жабылды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Өңірдегі тасжолдардың бірін қар көшкіні жауып қалу қаупі бар.
"Республикалық маңызы бар "Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Катонқарағай-Рахман қайнары" тасжолының учаскесінде (Ушанов кенті мен Алтай қаласына дейінгі аралықта) көліктің барлық түрі үшін қозғалысқа тыйым салынды. Сондықтан халықты алыс жолға шыққанда маршрутты алдын ала жоспарлап алуды сұраймыз", - деп хабарлады ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.