Bugin
Фото: punchng.com
Нигерия билігі кем дегенде 287 оқушы мен мұғалімді ұрлап кеткен қаскөйлермен келіссөздер жүргізуді бастады, деп хабарлайды Bugin.Kz порталы El.kzақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Бейсенбі күні Daily Post басылымы Нигерияның орталық Кадуна штатында 200-ден астам оқушы ұрланғаны туралы мәлімдеген. Қаскөйлер мектепке велосипедтермен келіп атыс ұйымдастырған. Нигерия Президенті Бола Тинубу қауіпсіздік қызметтеріне ұрланған адамдарды құтқару бойынша операция жүргізуді тапсырды.
"Кемінде 287 оқушы мен мұғалімді босату бойынша келіссөздер басталды", - деп жазды Punch басылымы.