Bugin

"Жаңбыр жауып, қар ериді": 10 наурызға арналған ауа райы болжамы

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com 

"Қазгидромет" РМК 10 наурызда республикамыздың кейбір өңірінде қатты жел тұрып, жаңбыр, қар жауып, су тасқыны қаупі артуы мүмкін екенін ескертеді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында тұман болады деп күтіледі. Желдің екпіні – 15-20 м/с. Қызылордада да тұман болады деп болжанады. 

Семейде оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады деп күтіледі.

Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы аудандары мен тау бөктерінде аракідік қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп болжанады. Желдің екпіні – 15-20 м/с. Шымкентте де аракідік жауын-шашын болады, найзағай ойнайды деп күтіледі.

Астанада жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, тұман болады деп күтіледі. Желдің екпіні - 15-20 м/с.

Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында қар жауады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында боран, көктайғақ болуы ықтимал. Түнде және таңертең облыстың солтүстік-батысында тұман болады. Желдің екпіні – 15-20 м/с. Петропавлда қар ұшқындап, жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Желдің екпіні - 15-20 м/с.