Bugin

“Қаза болғандар бар”: Атырауда жантүршігерлік жол апаты болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Видео скрині

10 наурызда сағат 01:40 шамасында Атыраудағы Сұлтан Бейбарыс көпірінде Lada Granta және Infinity автокөліктері соқтығысты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Atpyrau press.kz-ке сілтеме жасап.

Жол апаты салдарынан Lada Granta автокөлігінің 1998 жылы туған жүргізушісі мен үш жолаушысы оқиға орнында қаза болып, тағы бір жолаушысы жедел жәрдеммен облыстық ауруханаға жеткізілген. Қазір тиісті іс-құжаттар жинақталып жатыр.