Bugin
Фото: freepik.com
Пәкістандағы сот 22 жастағы студентті WhatsApp мессенджеріндегі хабарламаларға байланысты күпірлік жасады деген айыппен өлім жазасына кесті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Azattyq Ruhy сайтына сілтеме жасап.
Пенджаб провинциясының соты сотталушы мұсылмандардың діни сезімдерін қорлау мақсатында фотосуреттер мен бейнелермен бөлісті деп мәлімдеді.
Аталған іс бойынша тағы бір 17 жастағы жігіт өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Екеуі де өз кінәсін жоққа шығарады.
Пәкістандағы күпірлік өліммен жазаланады. Кейбір күдіктілердің істері сотқа жетпей жатып, өлім жазасына кесілетін де жағдайлар кездеседі.
Шағымды 2022 жылы Пенджаб провинциясының астанасы Лахордағы Пәкістан Федералды тергеу агенттігінің (FIA) киберқылмыспен күресу бөлімі берді.
Сот шешімінде Мұхаммед пайғамбар мен оның әйелін қорлайтын фотосуреттер мен бейнелер жасағаны үшін 22 жастағы ер адам өлім жазасына кесілгені айтылған.
Екінші айыпталушыға материалдарды таратқаны үшін өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы берілді.