Bugin

“Өте арзан бағада”. Әлеуметтік желіде қыз-келіншектер мерекелік сыйлықтарын сатып жатыр

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Villa.flowers.almaty

Әлеуметтік желі мен түрлі сайттарда қазақстандық қыз-келіншектердің 8 наурыз мерекесіне орай сыйға алған гүлдерін, сыйлықтарын жаппай сатып жатыр, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Отандық тегін онлайн хабарландырулар платформаларында түрлі дүкендерден ақшалай сертификаттар, үлкен ойыншық аю, гүл шоқтары саудаға түскен.

Солай өзіне келген сыйлықты сатқан ару - Әсел (есімі өзгертілген).  Ол жігітінен сыйлыққа қаладағы бетке бояу сататын дүкеннен 70 мың теңгеге сертификат алған. Алайда бойжеткен өз сыйлығын арзан бағада сатып жіберіпті.

"Маған косметиканың қажеті жоқ болды. Оны жігітіме айтсам, ол бұл сертификатты 1 ай бұрын алып қойғанын айтты. Мен оның алдында ғана бүкіл керек-жарағымды алып қойған едім. Сол себепті сатып жібердім. Жігітіме айтпадым", - деді бойжеткен.