Bugin

Зардап шеккендер бар. Алматыда екі қоғамдық көлік соғысты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: El.kz

Алматыда екі автобус соқтығысып, салдарынан алты адам зардап шеккен, деп хабарлайды Bugin.kz порталы El.kz ақпарат агенттігіне сілтеп.

Жол-көлік апаты Алатау ауданында болғаны анықталған.

Қаладағы Бекболат және Новостройка көшелерінің қиылысында №75 және №102 бағыттағы автобустар бір-бірімен соқтығысты.

Алдын ала болжам бойынша, жол апатына кінәлі - 75-автобус жүргізушісі болған. Ол қауіпсіз арақашықтықты сақтамай, алдында тұрған қоғамдық көлікті соққан.

Осы сәтте автобустан түсіп жатқан жолаушылар зардап шеккен.  Дегенмен адам шығыны болмаған.