Bugin

Жерден өзге ғаламшарда тіршілік бар ма?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Reuters

Пентагон жат планеталықтардың бар екендігіне ешқандай дәлел таппады. Бұл туралы Bugin. kz тілшісі dw.com сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Департаменттің қорытындыларын жұма күні, 8 наурызда АҚШ Конгресінің барлық аумақтық аномалиялар кеңсесі (AARO) ұсынды. Баяндама авторлары 1960 жылдары жат планеталықтар туралы есептердің көбеюін америкалық барлау ұшақтары мен ғарыштық технологияларды сынаумен байланыстырды.

Көптеген жатғаламшарлықтарға қатысты құжаттар “жауапсыз немесе түсіндірілмеген болып қалады”, - делінген хабарламада. Дегенмен, сарапшылардың пікірінше, ақпараттарды тереңірек зерттегенде, ол әрекеттердің жатғаламшарлықтарға қатысы жоқ деген қорытындыға келген.

Дегенмен, AARO олардың баяндамасы жат планеталықтардың бар екендігі туралы кең таралған сенімді жоққа шығармайтынын мойындады.

Бұған дейін АҚШ барлау қызметі жатғаламшарлықтарды “ұлттық қауіпсіздікке қатер” деп атаған.

2021 жылдың маусымында АҚШ барлау қызметі белгісіз ұшатын нысандар АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздігіне қатер төндіруі мүмкін деген есепті жариялады. Жалпы алғанда, 2004 және 2021 жылдар аралығында агенттік түсіндіруге келмейтін жатғаламшарлықтар көрінуінің 144 жағдайын тізімге алды.

Бір жыл бұрын, 2020 жылдың тамызында Пентагон НЛО көріністерін зерттеу үшін арнайы жұмыс тобының құрылғанын жариялады.

АҚШ қорғаныс министрлігінің дерегінше, тұрғындар әскери сынақтарды жатғаламшарлықтардың әрекеті ретінде қате қабылдаған.