Bugin

Тоқаев Рамазан айының басталуына байланысты мәлімдеме жасады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Рамазан айының басталуымен құттықтады. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.

Президент бұл айдың ерекшелігі туралы:

“Халқымыз үшін Қасиетті оразаның мән-маңызы айрықша. Бұл – қоғамда имандылық, адалдық, жанашырлық, мейірімділік сияқты мызғымас құндылықтарға барынша мән берілетін кезең. Бүкіл мұсылман қауымының ынтымағы артып, бір-біріне бауырмалдығы айқын көрінетін мезгіл.

Дін мен дәстүр сабақтастығын берік ұстанатын ел татулығын, тұрақтылығы мен тыныштығын сақтап, кез келген сын-қатерден сүрінбей өте алады. Мен Қазақстан халқының әрдайым рухани үндестікте өмір сүріп, болашаққа нық қадам басатынына сенемін”, - деді.