Bugin
Фото. Depositphotos.com
Салық мобильді аударымның бәріне салынбайды. Тек жеке кәсіпкерлердің транзакциялары бақылауға аланады. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Ержан Біржанов, ҚР Қаржы вице-министр :
"Ата-анасынан, бауырынан, әпкесінен яки қайырымдылық мақсатта жасалған аударым болуы мүмкін. Яғни жеке мақсаттағы аударымдар тексерілмейді. Тек кәсіпкерлердің деректерін алуымыз керек",-деді.
Егер кәсіпкерге үш ай қатарынан әртүрлі адамнан 100 мобильді аударым түссе жэне бұл сома 255 мың теңгеден асса, онда кәсіп иелері бақылауға алынады. Яғни осы нақты үш талап толық сәйкес келуі керек. Бұл мәжбүрлі шара дейді сенаторлар алдында есеп берген вице-министр. Себебі былтыр мобильді аударымдардың көлемі 80 триллионов теңгені құрап, еліміздегі сауда айналымының негізгі бөлігін құрахан. 2023 жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша жеке кәсіпкерлердің 70 пайызға жуығы тапқан табысын жасырған. Бюджет бүйірін толтыру мәселесі қаржыгерлерді ғана емес, сенаторларды да алаңдатып жүр.
Бекболат Орынбеков, Сенат депутаты:
"Әділетті болу керек қой. Сізбен бірге екі үйдің арасында екі сауда нүктесі жұмыс жасап жатырмыз. Сіз касса аппаратын қойып, төлеп жатырсыз. сыз. Затыңыз толық өтпейді. Қасың ызда қосымша сауда жүргизеді. деңгейде сауда жүргенімен, ал или негізі салық база кетеді",-деп айтты.