Bugin

"Заңды некеде болмаған": Прокурор Бишімбаевтың ісіне қатысты сұмдық мәліметті айтты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: видеодан кадр

Салтанат Нүкенованы өлтірді деп айыпталған бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алдын ала тыңдау өтіп жатыр. Прокурор өз сөзінде елең еткізетін мәліметтерді айтты,  деп хабарлайды Bugin.kz порталы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан және шетел жаңалықтарын бірінші болып біздің Telegram арнамыздан оқыңыз!

Мемлекеттік айыптаушының айтуынша, Қуандық Бишімбаев пен Салтанат Нүкенованың некелері ресми түрде тіркелмеген. Бишімбаев марқұмның барлық телефон қоңырауын бақылаған. Жұмыс істеуге рұқсат бермей, оны толығымен өзіне материалдық тәуелді етіп қойған. Сондай-ақ, ол жиі қызғанып, жүйелі түрде физикалық күш қолданған.

"Бишімбаев жиі қызғанып, Нүкеноваға порнография көрсетіп, онда түскен жоқ па сұрағаны", - айтылған дерек оқылды.

2023 жылғы наурыздың ортасында Астанада Бишімбаев Нүкенованы соққыға жыққан. Салтанат Нүкенова ағасына шағымданған. Ол Бишімбаевпен ажырасуға көндірмек болған, бірақ әйел келіспеген.

Прокурордың айтуынша, 2023 жылдың жазында Бишімбаев Нүкенованы Алматыға көшуге шақырған. Ол зорлық-зомбылық тоқтайды деген үмітпен келіскен. Алайда айыпталушы физикалық күш көрсетуді тоқтатпаған.