Bugin
Фото: freepik.com
Занзибар архипелагындағы Пемба аралында теңіз тасбақасының етін жеген сегіз бала мен бір ересек адам қайтыс болды, тағы 78 адам ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы El.kzақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Қазақстан және шетел жаңалықтарын бірінші болып біздің Telegram арнамыздан оқыңыз!
Мкоани ауданының медицина қызметкері, дәрігер Хаджи Бакаридің айтуынша, жұма күні кешке әйел адам қайтыс болған, ол бұған дейін көз жұмған балалардың бірінің анасы екен. Ол тасбақаның етін бейсенбі күні жеген.
Associated Press мәліметінше, зертханалық зерттеулердің нәтижелері құрбан болғандардың барлығы тасбақаның етін жегенін көрсеткен.