Bugin
Фото: Видео скрині
Былтыр Шымкентте гүл дүкенінде шу шығарып, гүлді тегін алып кеткен экс-полицей тағы да ерсі әрекетімен көзге түсті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Видеоны мына сілтемеден көре аласыз.
Бұл жолы бейтаныс әйелдің телефонын тартып алған полицейдің масаң күйде отырғаны белгілі болды. Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбада әйелдің телефонын сұрап, жалынып жатқанын көруге болады.
Жәбірленуші оқиға куәгерлерінің көмегімен телефонын қайтарып алды. Алайда, дөрекелігімен қоғамда дүрбелең туғызып жүрген экс-полицей бұл жолы да жазаға тартылған жоқ.