Bugin

"Жеті атаға дейін қыз алыспаймыз". Көне салт заңмен бекітіледі

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Азаттық

Қырғызстанда жеті атаға дейін туыс саналатындар арасында қыз алысуға тыйым салынады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Қырғызстанның Еңбек, әлеуметтік қамсыздандыру және көші-қон министрлігі Отбасы кодексінің жаңа жобасында көне дәстүрді заңмен бекітпек.

Тек жеті ата бойынша туыстар емес, одан бөлек бірнеше санаттағы адамдар шаңырақ көтере алмайды.

 Өзге адаммен некеге тұрғандар, асырап алушы мен асырандылар, жазасын өтеп жатқан сотталғандар; бір жынысты адамдардың некесіне Қырғызстан билігі тыйым салмақ.