Bugin

“Жүктімін”. Атырауда әйел өз балаларын сатқан

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: okg.kz

Атыраулық әйел өз балаларын бірнеше жұпқа сатып жібергені анықталды, деп хабарлайды Bugin.kz тілшісі Atpress.kz басылымына сілтеме жасап.

Ол сәбиі құрсақта кезінде бірнеше адамға “баламды беремін” деп, ақша алып алған.

Алайда бала саудасымен айналыспақ болған әйел мен оның төрт клиенті де сот алдында жауап берген.

Әйел балаларына аяғы ауыр кезден-ақ ерлі-зайыптылармен сөз байласып отырған. Оларға солай жаңа туған нәрестені бірден сатып жіберген.

Екінші баласын 2,3 миллион теңге көлемінде ақшаға саудалаған әйел ізім-қайым жоқ болған.

"Жаңа туған нәрестелерін ақшаға сатып алған жұптардың ерлері баланың әкесі ретінде танылып, туу туралы куәлігіне өздерінің есімдерін енгізген", – делінген әйелдің үстінен қозғалып жатқан іс материалында.