Bugin
Фото: egemen.kz
Белгілі жазушы Жұмабай Шаштайұлы қайтыс болды, деп хабарлайды bugin.kz тілшісі.
Жазушы 1950 жылы 10 қазанда Жамбыл ауданы, Жамбыл ауылында дүниеге келген. Жұмабай Шаштайұлы Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі.
“Коммунизм жолы”, “Лениншіл жас”, “Социалистік Қазақстан” газеттерінде, “Жалын” журналында жұмыс істеді.
1990-92 жылдары “Қазақ тілі” қоғамы Алматы облыстық комитеті төрағасының орынбасары, 1992-96 жылдары “Жас Алаш”, “Қазақ әдебиеті” газеттерінде бөлім меңтерушісі, 1996-2002 жылдары халықаралық “Заман-Қазақстан” газетінің бас редакторы болды. 2002 жылдан Қазақ радиосының бас редакторы қызметінде.
1982 жылы “Таң нұры” атты ұжымдық жинаққа Қияда атты алғашқы повесі енді. 1984 жылы шыққан “Қызын кар” атты тұңғыш жинағы сол кездегі саяси басшылық тарапынан қатал сынға ілікті. Бұдан соң “Жала мен нала” (1987), “Жыр жолбарыс” (1996), “Біздің заманның Аяз биі” (1997) кітаптары жарық көрді.