Bugin
Фото: Shutterstock
Литвада Ресей номері бар 50-ге жуық көлік тәркіленуі мүмкін. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі kun.uz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Литва билігінің 11 наурызға дейін елде тіркелу немесе елден кету туралы нұсқауына қарамастан, Ресей нөмірлері бар ондаған көлік Литвада қалды.
Кеден департаментінің баспасөз хатшысы Ирмина Фролова-Милашене BNS-ке:
“Кеденнің мәліметі бойынша, Литвада Ресейде тіркелген мемлекеттік нөмірлі бірнеше ондаған көлік әлі де жүріп жатыр. Болжам бойынша, олардың саны 50-ге жуық”, - деді.
Оның айтуынша, әңгіме қозғалысқа қатысатын көліктер туралы болып отыр. Ал кейбіреулері автотұрақтарда немесе басқа жерлерде тұруы мүмкін. Егер мұндай көліктердің Литвада жүруге құқығы жоқ екені анықталса, бұл халықаралық санкцияларды бұзу ретінде қарастырылады, деп атап өтті кеден департаментінің өкілі.
Әкімшілік жауапкершілік кодексіне сәйкес көлік тәркіленіп, тәртіп бұзушыларға айыппұл салынады.