Bugin

Қымбат Досжан Жәнібектің тұрмыстық жағдайы туралы айтты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com 

Қымбат Досжан Instagram әлеуметтік желісінде Жәнібекке қатысты ақпаратты бөлісті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Қазақстан және шетел жаңалықтарын бірінші болып біздің Telegram арнамыздан оқыңыз!

Ол Жәнібектің тұрмыстық жағдайы туралы айтты.

"Жәнібектің Испанияда айналысатыны маусымдық жұмыс(туристерге қызмет көрсету)  ол орта мектепті бітірген соң біздегідей бірден универге түспеген, бірақ  жоғары оқу орнында оқу жоспарында бар. Білімді әрине, сол Еуропада алсам деп ойлайды. Майоркада жалғыз өзі пәтер жалдап тұрады, жекеменшік баспанасы жоқ. Отбасым деп, ең жақын достарын айтады. Жануарларым деп ранчоға барып, (тағы да жалданып) өзі баптап көмектесіп жүрген аттарын да қосып айтады. Жәнібектің басында үйі де, құрған отбасы да жоқ. Асырап алған шешесі Бельгияда қалған. Сабырлық сақтайық, шынайы ақпарды "Бармысың,бауырым?" хабарынан күтіңіздер",- деп жазды ол.