Bugin

Майқайыңда тағы төтенше жағдай жарияланды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: depositphotos

1 наурыздан бастап Павлодар облысы Баянауыл ауданы Майқайың кентінде жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жарияланды,  деп хабарлайды Bugin.kz порталы Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан және шетел жаңалықтарын бірінші болып біздің Telegram арнамыздан оқыңыз! 

Төтенше жағдай, "Майқайыңалтын" АҚ-ның жер асты кеніші аумағында болған апаттан соң шұңқырға жақын орналасқан тұрғын үйлерде тұратын адамдардың өміріне төнген қауіп-қатер ықтималдығына байланысты жаярланған.

"Баянауыл ауданының әкімдігі кеніш және кент аумағында төтенше жағдай жариялады. Сараптама жасайтын ұйыммен келісім жасау үшін қаражатқа сұраныс берген. Үш-төрт сараптаушы ұйым бар соның бірін таңдайды. Олар барлық кент аумағында адам өміріне қаншалық қауіп төніп тұрғанын анықтайтын болады", - дейді Павлодар облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Жасұлан Жұмашев.