Bugin

"Қозғалтқышы өртеніп кеткен": әскери ұшақ апатқа ұшырап, 12 адам қаза тапты (ВИДЕО)

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: lenta.ru

Ресейде Иваново қаласының Солтүстік аэродромының маңында Ресей әскери-әуе күштерінің ИЛ-76 әскери-көлік ұшағы апатқа ұшырады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы EL.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Ұшақта болған 12 адам қаза тапты. Ұшақ оқу-жаттығу рейсін жасап жатқаны белгілі болды. Ол аэродромнан ұшып, бірнеше минут ауада болған. Бұрылыс кезінде ұшақтың қозғалтқышы өртеніп кеткен.

Ұшқыш аэродромға жетуге әрекеттенген және тұрғын үйлерден алысқа құлауға тырысқан. Ақырында ұшақ зират маңындағы орман алқабына құлады. Ресей қорғаныс министрлігі ұшақтың құлағанын  растады.

Оқиғаның видеосын мына сілтеме арқылы көре аласыз.