Bugin

Мәжілістің бұрынғы депутаты қайтыс болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: baigenews.kz

Ғалым, экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері, Қазақстан ғылым академиясының академигі Ғани Қалиев 86 жасында дүниедене өтті, деп хабарлайды Bugin.kz опрталы.

Ғани Қалиев еліміздің саяси өміріне де белсенді араласқан тұлға.

ҚР Жоғарғы кеңесі мен Парламент Мәжілісінің депутаты және  "Ауыл" партиясының экс-төрағасы болған.

Қалиев Ғани Әлімұлы 1938 жылы жылы 19 шілдеде Жамбыл облысының Шу ауданына қарасты Белбасар ауылында туған.

Мансабын Алматы халық шаруашылығы институтында (қазіргі Қазақ экономика университеті) оқытушы болып бастаған.

1968-84 жылдары Қазақтың ауыл шаруашылық экономикасы және оны ұйымдастыру ғылыми-зерттеу институтында аға ғылыми қызметкер, сектор, бөлім меңгерушісі, институт директорының орынбасары, директоры (1988-96);

1984-88 жылдары Қазақ қой өсіру технология ғылыми-зерттеу институтының директоры;

1991-96 жылдары Қазақ ауыл шаруашылық ғылымдары академиясының президенті болды.

1999 жылдан Парламент Мәжілісінің депутаты. 

"Ауыл" партиясының төрағасы қызметін атқарды. Оның басшылығымен Агроөнеркәсіптік кешеннің Ведомствоаралық ғылыми-техникалық кеңесі құрылды.