Bugin
Фото: atyrauoil.news
5 наурыз күні Атырау облысының Құрманғазы ауданындағы "Боташым" балабақшасында бала көзінен жарақат алған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Қазақстан және шетел жаңалықтарын бірінші болып біздің Telegram арнамыздан оқыңыз!
Баланың анасының хабарлауынша, ол қазір аудандық аурухананың хирургия бөлімінде жатыр. Тәрбиешілер жағдайдың қалай болғанынан бейхабар көрінеді. Ал бейнебақылау камерасының жазбасы жоғалып кеткен.
"Қылмыстық іс қозғалды, сот-медициналық сараптама тағайындалды. Балабақша қызметкерлері мен оқиға куәгерлері сұралуда", - делінген Атырау облыстық Полиция департаменті таратқан мәліметте.