Bugin

Ақтөбеде жантүршігерлік жол апатынан қаза тапқандар туралы жаңа дерек жарияланды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Ақтөбе облыстық ТЖД

Ақтөбе облысында ірі жол апатынан 8 адам қаза тапқан болатын. Марқұмдардың денесі туыстарына берілді, деп хабарлайды Bugin.kz тілшісі КТК-ға сілтеп.

Қазақстан және шетел жаңалықтарын бірінші болып біздің Telegram арнамыздан оқыңыз!

8 адамның денесі жақындарына бірнеше күннен соң берілген.

Себебі дененің кімге тиесілі екенін анықтау үшін арнайы сараптама жасалды. Зерттеу бір аптаға созылған.

Мамандардың сөзінше дененің кімдікі екенін анықтау қиынға соққан.

"14 зерттеу санын алып келді. Малекулярлы-генетикалық сараптама жасау, туыстық қатынасын анықтау өте қиын. Бірақ біз мереке күндеріне қарамастан, бұл жағдайды түсініп тұрмыз. Біздің сарапшылар ертерек зерттеуді анықтау мақсатында үш күн бойы жұмыс істеді", – деді Ақтөбе өңіраралық сот сараптамалары орталығының директоры Сапарғали Рахманов.