Bugin

“Мерекені тойлаймын” деп 14 адам қаза тапты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: sanaei 

Иранда екі мыңнан астам адам мереке кезінде зардап шекті, деп хабарлайды Bugin.kz тілшісі Mehr-ге сілтеп.

Қазақстан және шетел жаңалықтарын бірінші болып біздің Telegram арнамыздан оқыңыз!

Ведомствоның мәліметінше, 20 ақпан мен 12 наурыз күні мерекені тойлаған 2100 адам жарақаттанып, 14 адам қайтыс болды.

Зардап шеккендердің 152-сі аяқ-қолынан айырылып, 700-і көз жарақатын алған, ал 681 адамды күйік шалған.

Иранда жыл сайын Иран күнтізбесі бойынша жылдың соңғы сәрсенбісіне қараған түні Чахаршанбе-Сури мерекесі тойланады.

Мереке барысында дәстүр бойынша ирандықтар оттың үстінен секіреді. Мерекелік шараларда пиротехникалық заттар да қолданылады.

Өткен жылы бұл мереке кезінде 1,5 мыңнан астам адам жарақат алған.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61