Bugin
Фото: видеодан скриншот. Kun.uz
Самарқандта 10 жыл бала күткен отбасы төрт балалы болды. Бұл туралы bugin.kz тілшісі Kun.uz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Республикалық мамандандырылған ана мен бала ғылыми-практикалық орталығының Самарқанд облысы бойынша департаментінің филиалында 29 жастағы келіншек төртем дүниеге әкелді.
Егіз баланы дүниеге әкелген Муниса Бекмирзаева мен Фаррух Полатовтың отбасы 10 жыл бала күткені белгілі.
Балалардың бірі қыз, үшеуі ұл. Қазіргі уақытта ана мен баланың жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Дәрігерлер оларға барлық қажетті көмекті көрсетіп жатыр.