Bugin

“Өлдіге санаған”: 10 жыл бұрын із-түзсіз жоғалған әйел табылды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото:бағдарламадан скриншот

Түркістан облысы, Арыс қаласында тұратын Ернұр мен Балнұр есімді егіздер туған аналарын іздеп жүр. Олар кәмелет жасына толмаған. Бұл туралы “Bugin.kz тілшісі “Көреміз” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Егіздердің анасы 10 жыл бұрын із-түссіз жоғалып кеткен. Олардың әкесі “12 жілікке бөлемін” деп бопсалаған. Содан бері егіздер қорқып қашып кеткен. Бес баланың анасы 10 жылдан кейін табылды.

Баласы әкесі туралы:

“Енді ес біліп келе жатқанда, 5 жасымда әкем анамды ұратын. Жай ұрмайтын. Жерге жатқызып теуіп, басын жарып, қанатып, жағын сындырған. Балаларды да ұратын. Ашуланса, бәрін қыратын. Содан 5 жасымда анам үйден кетті”,-деп айтты.

“Көреміз” 10 жыл жоғалған Кәрима Өмірзахованы тапты. Ол Жетісу облысында өмір сүреді екен.

Ол жоғалғанға дейінгі өмірі туралы “қорқынышпен өмір сүрдім” деп күрсініп айтты. Күйеуінен басын арашплап кеткен соң да ол “өлтіремін” деп қорқытқан.

Әйел екінші рет отбасы құрған. Балалар ендігіде анасымен тұруға шешім қабылдады.