Bugin

“Бұл фильм болмағанын қалаймын”: “Оскар” алған режиссер тосын мәлімдеме жасады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Mstyslav Chernov / AP / Courtesy of Sundance Institute

Украиналық журналист Мстислав Черновтың "Мариупольдегі 20 күн" фильмі жылдың үздік толықметражды деректі фильмі деп танылды. Ол “Оскар”сыйлығымен марапатталды. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі kun.uz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл деректі фильм Ресей мен Украина арасындағы соғыс символдарының біріне айналған Мариупольге басып кірудің алғашқы апталарында болған оқиғалар туралы баяндайды. Режиссер Мстислав Чернов, фотограф Евгений Малолетка және продюсер Василис Степаненко бар Associated Press тілшілерінің тобы 20 күн бойы Ресей әскері қоршауындағы қала өмірін түсіреді.

Олар көшеде, ауруханада, бомбаланған перзентханада өз көздерімен куә болып, түсіріп алған кадрларын деректі фильмге айналдырған.

Картина авторы Лос-Анджелестегі шарада марапатты қабылдау кезінде әсерлі сөз сөйледі. Ол Украина тарихындағы алғашқы статуетканы қолына алып:

“Бұл Украина тарихындағы алғашқы “Оскар”. Бұл мен үшін құрмет. Бірақ, осы сахнаға шығып, “осы фильм түсірілмесе екен” деген бірінші режиссер шығармын. Мен бұл сыйлықты Ресей ешқашан Украинаға басып кірмесін, біздің қалаларымызды басып алмауы, он мыңдаған украиндықтарды өлтірмеуі, өз жерін қорғау үшін азаматтарымыз бен сарбаздарымызды тұтқында ұстамауы үшін берер едім.

Бірақ мен тарихты, болған оқиғаны өзгерте алмаймын. Бірақ біз бәріміз біргеміз. Сіз (іс-шарадағы кинематографистер) тарихтағы ең дарынды адамдарсыз. Тарихтың дұрыс жазылуын қадағалауымыз керек. Ал мариупольдықтар мен жанын қиғандар ешқашан ұмытылмайды. Фильмдер естеліктерді, ал естеліктер тарихты қалыптастырады. Барлығына рахмет, Украинаға рахмет. Украинаға даңқ!”,- деп сөзін түйіндеді.