Weekend

«Жастар ауылы Bugin.kz» баршаңызды шақырады!

Наурыз мейрамы

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Құрметті ҚазҰУ жастары, "Жастар ауылы Bugin.kz" сіздерді ежелден жаңару мен жасампаздықтың бастауы, ырыс пен берекенің арқауы болған Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мейрамымен құттықтай отырып, мейрамға орай жайылатын ақ дастарханнан дәм татып кетуге шақырады.


3000 жылдық тарихы бар Наурыз ежелден қалыптасқан жыл басы, барша ұлтқа ортақ жаңа жыл мейрамы. Қазақстанда 21-23 наурыз күндері бастау алған Наурыз мейрамы, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде 13 сәуір сағат 10:00-де жалғасын табады. Қара шаңырақтың белсенді студенттері, ертеңгі күн сіздерге үлкен мүмкіндік сыйламақ. Себебі, Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы арнайы сіздер үшін ерекше байқау ұйымдастырып жатыр. Керемет мүмкіндіктен сіз де қапы қалмаңыз. Наурыз мейрамына орай жайылатын ақ дастарханнан дәм тата отырып, Bugin.kz ұжымының бағалы сыйлығын ұтып алыңыз.


Байқау шарттары:

1) Әлеуметтік желідегі парақшаларға жазылу:

fb.com/buginkz/

instagram.com/buginnenbasta/

instagram.com/buginkz/

2) Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасының арнайы баннерінің жанында суретке түсіп, инстаграм желісіндегі өз парақшаңызға жариялайсыз. 

3) Жазба соңына #buginnenbasta #buginkz #buginnauryz хештегтерін қою міндетті. Парақшаңыз міндетті түрде ашық болсын!

Байқау шарттарын мүлтіксіз орындаған 3 жеңімпазға арнайы бағалы сыйлық бар.

Байқау қорытындысы 16 сәуір сағат 20:00-де белгілі болады.

ҚазҰУ-дың жалынды жастары, баршаңызды 13 сәуір сағат 10:00-де басталатын Наурыз мейрамының қадірлі қонағы болуға шақырамыз!

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61