Bugin
Фото: depositphoto.kz
Қазгидромет орталығы алдағы күндерге ауа-райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Bugin.kz тілшісі.
Алдағы күндері атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен Қазақстан аумағында ауа-райының тұрақсыз сипаты сақталады. Жауын-шашын, қатты жауын-шашын жаңбыр мен қар түрінде 14 наурызда Түркістан, Жамбыл, Алматы және Жетісу облыстарында жауады. Қатты қар 15 наурызда тәулік бойы Жетісу облысынада, 15 наурызда түнде Алматы облысында болады. Республика бойынша желдің күшеюі, тұман, көктайғақ, солтүстік, шығыс және орталықта жаяу бұрқасын болжанады.
Еліміздің басым бөлігінде 16 наурызда күндіз Қазақстанның оңтүстік жартысында ауа температурасы 5-13 градус жылыға дейін, солтүстік жартысында 0-5 градус жылыға дейін біртіндеп жоғарылайды.
Қазақстан және шетел жаңалықтарын бірінші болып біздің Telegram арнамыздан оқыңыз!