Bugin

Астанада ғимарат өртке оранды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Астана қалалық ТЖД

Астанада екі қабатты ғимарат өртеніп жатыр, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Қазақстан және шетел жаңалықтарын бірінші болып біздің Telegram арнамыздан оқыңыз!

Астана Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, отқа оранған екі қабатты ғимарат – автоәйнек өндіру және орнату цехы.

"13 наурызда сағат 12:53-те Астана Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру бөлімшелері Республика даңғылындағы цехтың қосымша бөлігі өртеніп жатыр деген хабарламаға ден қойды", - делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

Қаза болғандар мен зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.