Bugin

"Хабар" телеарнасындағы қоғам сынына ұшыраған ток-шоу жабыла ма?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Видео скрині

"Хабар" телеарнасындағы қоғам сынына ұшыраған ток-шоу жабылатын болды. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Аида Балаева айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Қазақстан және шетел жаңалықтарын бірінші болып біздің Telegram арнамыздан оқыңыз!

"Отбасылық құндылықтарды насихаттау, ана мен баланы қорғау жөніндегі қызметті үйлестіру, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимылды насихаттау Министрліктің басты міндеттерінің бірі.Өз кезегінде, 11 наурыздан бастап "Хабар" арнасында отбасындағы әлеуметтік мәселелерін көтеріп, оны шешуге бағытталған "Бірақ..." бағдарламасының шығарылымы ұйымдастырылды. Алайда, тікелей эфирдегі берілген шығарылымда редакция бағдарламаның діттеген мақсатына жете алмай, кейіпкерді жаңылыстыру арқылы қоғамда түрлі пікірлер туындатты", - деп жазды Аида Балаева Facebook-тегі парақшасында.