Bugin

“Оқушылар мектепте насыбай атып жүр“: депутат сұмдық ақпаратты айтты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com 

Мәжіліс депутаты Жарқынбек Амантайұлы мектепте 4-5 сынып оқушылары емін-еркін насыбай атып жүргенін айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Қазақстан және шетел жаңалықтарын бірінші болып біздің Telegram арнамыздан оқыңыз!

Депутат зиянды затқа заңда тыйым салынғанын ескертті. Бірақ зиянды зат сауда орындарында, базарлар мен дүкендерде еркін сатылып жатқанын сынға алды.

Мәселені шешу үшін депутат осы бағыттағы заңды қатаңдатып, оның құрамын жіті зерттеп, халық арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізуді ұсынды.

Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова мен Ішкі істер министрі Ержан Сәденовке депутаттық сауал жолдалды.