Bugin

“Роллтон ғана жеген”: келіншек түрмеде отырған кездегі балаларының жағдайын айтып көзіне жас алды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Видео скрині

12 жылға сотталған Шолпан Тоқтархан балалары туралы айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Қазақстан және шетел жаңалықтарын бірінші болып біздің Telegram арнамыздан оқыңыз!

Ол түрмеде отырған кезде балаларының оған көмек қолын созып, керек-жарағын алып келіп тұрғанын айтты. Ең қызығы, үш бала да Шолпанның күйеуінің бірінші әйелінен екен. Бірақ Шолпан Тоқтархан үш ұлды өз перзентіндей жақсы көретінін жеткізді.

"Үш бала да күйеуімнің бірінші әйелінен. Заңды некедегі. Ол әйел қайтыс болып кетті. Бірақ балалар әкелерін жақтыртпады. Түрмеден шыққасын тілсіз жаттым 2 жыл. Үлкен балам қарады ғой маған. Мен ойланатынмын, "енді осылай жата беремін бе? Дәріні қай ақшаға аламыз" деп. Бірақ ұлдарым маған қолдау көрсетті. Мен түрмеде отырғанда олар тек роллтон жей берген екен, бірақ  маған "бәрі жақсы" деп айтатын",- деп Шолпан Тоқтархан көзіне жас алды.